Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәншүк Мәметованың мерейтойына арналған монеталар шығады

Ұлттық банк "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Новости Казахстана / Мәншүк Мәметованың мерейтойына арналған монеталар шығады
Фото:
ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінен

Монеталардың сатылымға түсетін күні Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Монета Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шығарылды.

Монета бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Монета сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүктің мүсіндік портреті, оның сол жағында – Кеңес Одағы Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін «1922» және «2022» деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған «НЕВЕЛЬ» қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде «Кеңес Одағының Батыры» деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.

Номиналы 100 теңгелік MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 дана.

Коллекциялық монетаны барлық банктерде аударып, ұсақтап, айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның Теңге сарайында жасалған.

Следующая →