Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы 305 шенеунік 507 млн теңгені ойынханаға жұмсаған

Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады

Новости Казахстана / Қазақстандағы 305 шенеунік 507 млн теңгені ойынханаға жұмсаған

Енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұл шенеуніктерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңбұзушылық анықталған жағдайларда нақты шаралар қолданылады, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалғаны айтылды.

Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс. Агенттікпен және әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде іске асырылады, - делінген агенттік хабарламасында.


Следующая →