Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қарағанды облысындағы шахтада апат болып, бес адам қаза тапты

Түнде шахтада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болды

Новости Казахстана / Қарағанды облысындағы шахтада апат болып, бес адам қаза тапты

ҚР ТЖМ бастапқыда төрт кенші қаза тапты деп мәлімдеген болатын. Таңғы 09.09-да апаттық құтқару жұмыстары кезінде бесінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Ленин атындағы" шахтасында болған апатқа байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкіміммен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына уәкілетті министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді

Биыл жазда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға барған кезімде мен компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатынмын, - деп жазды Әлихан Смайылов Фейсбуктегі парақшасында. - Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылды.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған жеделхатта.

Следующая →