Келесі жылдан студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие беріледі
Оқу ақысын төлеу үшін ғана банктер студенттерге 2-3 пайызбен несие бермек
![Новости Казахстана / Келесі жылдан студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие беріледі Новости Казахстана / Келесі жылдан студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие беріледі](/upload/iblock/f36/e4eysim38q9uko8q62col9wybfj9b25j/imgonline_com_ua_Resize_cb1TiMVenF.jpg)
Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Халық үні сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысынан соң журналистер министрден оқу ақысын төлеуге 2-3 пайыздық несие қашан берілетінін сұрады.
Келесі жылдан бастап беріледі. Қазір біз қаржыландыру және несие алу моделін мұқият зерттеп жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3 пайызбен рәсімдей алады, – деді Саясат Нұрбек.
Сонымен бірге, ол Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде талантты, көшбасшылық қасиеттері бар мамандардың арасынан менеджерлер резервінің құрылатынын айтты.