Семейлік "Елімай" Бірінші лигада ойнайды
Семейліктер бір ай бұрын ғана Қазақстан футбол федерациясының президентінен осыны өтінген болатын
Бір ай бұрын Семей жұртшылығы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловқа "Елімайды" 2023 жылғы маусымның Бірінші лигасына қатысуға жіберу туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Семейліктердің өтініші жерде қалмады. Бүгін жақсы жаңалық жетті. Абай облысы әкімдігі мәлімдегендей, "Елімай" Бірінші лигада ойнайды. Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясы Атқару Комитетінің жаңа құрамының бірінші отырысында қабылданды.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының үндеуі бойынша "Елімай" футбол клубы 2023 жылғы Бірінші лига клубтары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау кезеңіне өткізуге рұқсат етілсін, - делінген отырыс хаттамасында.