Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайдағы мал ұрлығына қатысы бар азамат Астанадан табылды

ШҚО ПД қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктігі Астана қаласында ұстап алған

Новости Казахстана / Тарбағатайдағы мал ұрлығына қатысы бар азамат Астанадан табылды
Фото:
редакция мұрағатынан

Қыркүйек айының басында Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аталған факті бойынша дереу Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. 22 қыркүйекте Зайсан ауданының аумағында ұрланған малдың жүрген жері анықталып, ол жәбірленушіге қайтарылған.

Ұрлық және басқа да осыған ұқсас қылмыстарға Зайсан ауданының 63 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталған. Бірақ ол белгісіз бағытта жасырынғандықтан, 5 қазаннан бастап оған мемлекетаралық іздеу жарияланған. 19 қазан іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД КПБ және Астана қаласы ПД КПБ қызметкерлері елордада аталған ер адамды ұстап, Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.

ШҚО ПД ұсынған ақпарат бойынша, оның Тарбағатай ауданының аумағында 2018-2022 жылдар аралығында орын алған мал ұрлығының алтауына қатысы бар. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге бұрын ұрланған 70 мал қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Следующая →