Президенттің кредитке батқандар бойынша қандай ұсынысы бар?
Мемлекет басшысы елімізде көп адамның несиеге батқаны қатты толғандыратынын айтты
Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды мәселенің біріне тоқталып, таяуда ұсынысын жариялайтынын мәлімдеді.
Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.