ясно
°
$
503.35
590.63
¥
72.28
6.62
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-дағы 11 мың шақырым жол ақылы болады

Жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға - 1 теңге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға - 25 теңге

Новости Казахстана / ҚР-дағы 11 мың шақырым жол ақылы болады
Фото:
редакция мұрағатынан

Қазақстанда 2025 жылға дейін 11 мың шақырым тасжол ақылы болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ақылы учаскелердің ұзындығы - 2 161 шақырым. Биыл жалпы төлемдер төрт миллиард теңге болды. Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғанда, 11 мың шақырымға кезең-кезеңімен ақы төлеуді енгізу қарастырылады, - деді Өскенбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Ведомствоның баспасөз қызметі 11 учаскеде төлем енгізілгенін түсіндірді: "Астана-Щучинск", "Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай", "Алматы-Қорғас", "Қапшағай-Талдықорған", "Тараз-Қайнар", "Шымкент-Тараз", "Шымкент-Ташкент", "Шымкент-Қызылорда", "Щучинск-Көкшетау", "Астана-Павлодар".

Жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға - 1 теңге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға - 25 теңге.



Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР 11 мың шақырым жол Ақылы жол