Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Медициналық пойыздар еліміздегі ауыл-ауылды тағы аралайды

Биыл еліміздің 10 өңірінде 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен екі медициналық пойыздың жұмысы қайта жанданды

Новости Казахстана / Медициналық пойыздар еліміздегі ауыл-ауылды тағы аралайды

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттілігіне сәйкес, өңірлерге 2981 жас маман, оның ішінде ауылға 797 адам бағытталды. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп тұрақты негізде мамандардың келу мониторингін жүзеге асырады. Ал жергілікті органдар келген жас мамандарды тұрақтандыру бағытында тиісті қадамдарды іске асыруы қажет, - деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтерді жеткізу мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп жатыр.

Биыл еліміздің 10 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен екі «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысы қайта жанданды. Медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі (20 ұшақ және 13 тікұшақ) жүзеге асырады. Ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді, осы бағытта 1,5 млн шақыртуға қызмет көрсетілді, - деді министр.

Следующая →