Қазақстанда 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған
Бұл Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты болуы мүмкін
Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалғандығы туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Елімізде болып жатқан кибершабуылдарға тойтарыс беру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қауіптерді азайту үшін барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға төтеп беруде. Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді, - делінген ұйымның хабарламасында.
"Мемлекеттік техникалық қызметтің" болжамынша, еліміздің қауіпсіздік жүйесіне кибершабуылдардың үдеуі Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты болуы мүмкін.