Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Атырау облысында тұратын "алып адамның" аяқ киімінің өзі 300 мың теңгенің шамасында

Парасат Нұрғалиевтің бойының ұзындығы 215 см, салмағы - 150 кг, ал аяқ киімінің мөлшері - 56

Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында тұратын алып жігіттің жасы 27-де, деп абарлайды Устинка LIVE “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

Алып денелі болудың артықшылығы көп болғанымен, ыңғайсыздығы тағы бар. Мәселен, Парасатқа сай киім табу қиын. Парасатқа киімді арнайы тігінші - туысы тігіп береді екен. Ал аяқкиім табу расында өте қиын. Алып адамның аяғына сай жалғыз аяқкиім - резина аяқкиімдер. Бірақ жаңбыр жауған күні және аязда сыртқа шыға алмай қалады. Сондықтан Байғали Өтеманов бастаған ауыл тұрғындары алып адамға арнайы аяқкиім тігіп берген.

Қажымұқанның аяғының өлшері 54 болған. Ал Парасаттың аяғының өлшемі - 56. Тапсырысқа аяқкиім тігетін жерді ұзақ іздедім. Көптеген шебермен сөйлестім, бірақ аяқкиімінің өлшемін естігенде бас тартады. Астаналық тігіншілер Парасаттың өзі келген жағдайда ғана тігіп беретінін айтты. Бірақ Астанаға жету үшін де аяқкиім керек қой. Эксклюзив тапсырысты орындауға алматылық шебер Валерий Воронин ғана келісті. (...) Шеберде 56-шы өлшемнің үлгісі болмады, сондықтан 52-ші өлшемді ұзартып, тапсырысты 20 күннің ішінде жасап берді, - дейді Байғали Өтеманов.

Ал кәдімгі мұндай аяқ киімді соңғы рет қашан кигені Парасаттың өзінің есінде де жоқ.

Байғали Өтемановтың сөзінше, олар Парасатқа қыстық аяқкиім де тапсырысқа беріп қойған.

Басқа балалардан айырмашылығым жоқ еді. Бірақ алтыншы сыныптан кейін өсе бастадым. Сүйектерім ірілене бастағанын сезгендей болдым. Киімдерім де тез кішірейе берді. Мектепте бәрінен биік болып кеттім де аяғымның өлшемі үлкейіп кетті. 9-10 сыныптың өзінде өзіме сай аяқкиім табу қиын болып кетті, ол кезде аяғымның өлшемі 50 еді. Мектеп бітірген кезімде салмағым 120 келі болса, бойым 2 метр болды. Бірақ денсаулығымда ешқандай кінарат жоқ, - дейді Парасат.

Следующая →