Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сенат төрағасы: "Ресейліктердің елімізге сапарын шектеуге тиісті емеспіз"

Мәулен Әшімбаев ресейліктердің Қазақстанға жаппай қоныс аударуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Новости Казахстана / Сенат төрағасы: "Ресейліктердің елімізге сапарын шектеуге тиісті емеспіз"

Сенаттың жалпы отырысынан кейін Мәулен Әшімбаев тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ресейліктердің елімізге сапарын шектеуге тиісті емеспіз, яғни олар бізге жұмыс сапарымен, туыстарына немесе туризм мақсатында келеді. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары да Ресейге емін-еркін бара алады. Бұл өзара процесс болғандықтан, оны шектей алмаймыз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, ол елімізде тұрақты тұруын растайтын құжатты беру басқа мәселе екенін айтты. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ететін құжат елімізде қандай да бір мүмкіндіктер береді. Осы орайда Қазақстанда бұл құжатты алу үшін кез келген басқа елдің азаматы өз мемлекетінен рұқсат алуы керек. Бұл талап еліміздің заңнамасында нақты белгіленген. Яғни шетел азаматы өз елінен кететіні туралы арнайы парақша мен басқа да құжаттарды ұсынуы тиіс.

Ал саяси баспананы беру, босқын деп тану мен босқын мәртебесін беру – ол да басқа мәселе. Бұл жағдай халықаралық шарттармен, БҰҰ желісі бойынша мақұлданған тиісті құжаттармен реттеледі. Қазір бұл тұрғыда мәселе көтереліп жатқан жоқ, - деді Мәулен Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше РФ Президент Владимир Путин Ресейдегі ішінара мобилизация туралы құжатқа қол қойды. Осыдан кейін ресейліктер шет елдерге жаппай кетіп жатқандығы туралы ақпарат тарады. Оның ішінде Қазақстан да бар.


Следующая →