Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Арменияға бітімгерлер жібере ме?

Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға қазақстандық бітімгерлерді жіберу мәселесі қарастырылмайтынын айтты

Новости Казахстана / Қазақстан Арменияға бітімгерлер жібере ме?
Фото:
ашық ғаламтор көзінен

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында журналистер Мұхтар Тілеубердіден осы мәселе туралы сұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мәселе сұрақ қоюға тұрарлықтай емес. Кеше ҰҚШҰ-ның Төтенше ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде Армения премьер-министрі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларын Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы хабардар етті. Бірақ екі тарап әртүрлі ақпарат таратқандықтан мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның Бас хатшысын оқиға орнына барып, жағдаймен толық танысып, содан кейін хабардар ету керек деп шешті, - деді Тілеуберді журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Министрдің айтуынша, Әзербайжан мен Армения шекарасындағы қақтығыс туралы бірнәрсе айту қиын.

Енді бірінші міндет - армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның жұмысын қалпына келтіру. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Өйткені біз шекарамызды құрлықтың, тіпті теңіздің барлық периметрі бойынша демаркациялағанбыз. Шекараны демаркациялау Ресейден басқа барлық мемлекеттермен дерлік аяқталды. Демаркациялау бізге тағы екі-үш жылға созылуы мүмкін, - деді Сыртқы істер министрі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысына бітімгершілік күштерді жіберу мәселесі талқыланып жатыр ма деген сұрақ қойылды.

Жоқ, әзірге ондай мәселе көтеріліп жатқан жоқ, - деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді.

Следующая →