Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кезектен тыс президент сайлауына қанша қаржы қажет?

Президент сайлау науқанына еліміз бойынша шамамен 20 млрд теңге қажет

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстандағы президент сайлауына жұмсалатын шығындар туралы сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда президент сайлауы негізінен 2024 жылға жоспарланғандықтан, бұл қаржы сол жылдың бюджетіне енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ енгізілген өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл үкіметтің резервінен ақша бөлінеді. Қазір ОСК есептеп жатыр. Бұл шамамен 20 миллиард теңге, - деді Савельева Мәжіліс алаңында журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақының өсуіне байланысты сайлау шығындарының артуы мүмкін.

Сайлауға байланысты барлық шығынның 90 пайызға жуығы сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы. Өткен сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл 70 мыңнан аса адам болады. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны ескере отырып есептеледі. 2019 жылы сайлау өткізгенде 42 500 теңге болатын. Биыл – 60 мың, - деп қосты ол.

Сондай-ақ, вице-министр парламенттік сайлауда шамамен осындай шығындар күтілетінін айтты. Бірақ келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатынын ескерсек, шығын шамамен 25 миллиард теңге болуы мүмкін.

Следующая →