Tartyl Fest – гранд-финал жеңімпаздары Финляндияға әлем чемпионатына барады
Турникте тартылу бойынша республикалық Tartyl Fest фестивалінің гранд-финалы қазан айында елордада өтеді
Бұл туралы Tartyl Fest амбассадоры Айтым Жақыпов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бірінші орын үшін 200 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі, екінші орын үшін – 100 мың теңге; үшінші орын үшін – 50 мың теңге.
Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылды, әр қалада 27 жеңімпаз анықталды.
Турникке тартылу фестивалі 10 шілдеде Қонаев қаласында басталған еді. Кейін Түркістанда, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларында жалғасын тапты.
Қарағандыда өткен турнирде тараздық Евгений Нам есімді қатысушы турникке 50 рет тартылды. Яғни, Tartyl Fest рекорды Тараз қаласына тиесілі.
Осы орайда айта кетейік, Өскемен қаласындағы жарыста 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 18-30 жас аралығындағы азаматтар арасынан ең көп тартылған Евгений Созончук (39 рет) болатын.