Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда өтетін дінаралық форумға 50 елден 100-ден астам делегация келмек

14-15 қыркүйекте елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді

Новости Казахстана / Қазақстанда өтетін дінаралық форумға 50 елден 100-ден астам делегация келмек
Фото:
akorda.kz

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дайындық туралы мәлімет берілді.

Парламент Сенатының төрағасы, Съезд хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев дінаралық форумға 50-ден астам елден 100-ден астам делегация келетінін жеткізді. Аталған жиынға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және басқа да діндер көшбасшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Сенат Төрағасының айтуынша, алдағы іс-шара әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын тудырып отыр. 200-ден астам шетелдік және 300-ден астам қазақстандық БАҚ өкілдері аккредитациядан өткен.

Съезд аясында Декларация қабылданбақ. Бұл қорытынды құжат форумға қатысушылардың өркениетаралық және конфессияаралық, сондай-ақ жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне деген ұстанымын білдіреді.

Президент қазіргі жағдайда Съезд өткізудің маңызы жоғары екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық диалог мәдениетін ілгерілету қажеттігін және Қазақстанның осы үдеріске қатысуы маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысына Сенаттың алдағы уақытқа арналған жұмыс жоспары баяндалды.

Следующая →