Малын қараусыз жібергендер енді 300 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін
"ҚазАвтоЖол" ҰК» басқармасы қараусыз жүрген мал үшін айыппұлды 100 АЕК-ге дейін арттыруды ұсынды
Елімізде малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты жиілеп кеткен. Сондықтан малын қараусыз жіберетін тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос елордада өткен брифингте айтты.
Полициямен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, елді мекен тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндіреміз. Хаттама жасалып, жадынама таратылады, - деді ол.
Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте жол бойында жайылып жүрген мал иелеріне жауапкершілік қарастырылған.
Яғни, мал иесіне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер мал кесірінен жол-көлік апаты болған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Орын алған жағдайды ескере отырып, үй жануарларына дұрыс қарамағаны үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту ұсынылады, - деді Серік Айдос.