Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды
![Новости Казахстана / Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды Новости Казахстана / Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды](/upload/iblock/4ea/5qymvpy2y5cj8be8gfcufk95vnxgixgo/imgonline_com_ua_Resize_7Ojwv3Jws9p5.jpg)
Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер құрамасы:
Жансая Әбдімәлік (22 жаста) - бірінші тақта, 3-орын;
Бибісара Асаубаева (18 жаста) - екінші тақта, 4-орын;
Ксения Балабаева (17 жаста) - үшінші тақта, 16-орын;
Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) - төртінші тақта, 11-орын;
Назерке Нұрғали (18 жаста) - бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.
Ерлер құрамасы:
Ринат Жұмабаев (33 жаста) - бірінші тақта, топ-20-ға кіре алмады;
Әлішер Сүлейменов (22 жаста) - екінші тақта, 13-орын;
Мұртас Қажығалеев (49 жаста) - үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады;
Арыстанбек Оразаев (24 жаста) - төртінші тақта, 18-орын;
Қазыбек Нөгербек (18 жаста) - бесінші тақта, 19-орын.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР әйелдер құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс).
Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз – орта жастағы ең жас командалардың бірі.