КВИ жұқтырғандар саны соңғы екі аптада 35 мыңға жақындаған
ҚР Үкіметі отырысында COVID-19 бойынша жағдай талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз баяндамасында әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасып жатқанын және зерттелген үлгілердің 95%-ын құрайтын "Омикрон" штаммы басым нұсқа болып қалып отырғанын атап өтті.
20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ-мен сырқаттанушылық арта бастады. Соңғы екі аптада ауырған адамдар саны 3,2 есеге өсті – 10 714-тен 34 550 жағдайға дейін.
Министрдің айтуынша, ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін ескерсек, уақтылы КВИ-ге қарсы ревакцинациямен қамту қажет екендігін көрсетеді. Бүгінгі күні ревакцинацияны 5 млн астам адам алды, бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды.