Өскемен мен Талдықорғанды байланыстыратын жақсы жол салынып жатыр
Талдықорған мен Өскеменді байланыстыратын жолдың құрылысы келесі жылы аяқталады
Бүгінде "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолының Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігі 454 шақырымды құрайды.
Негізгі жол төсемі төселді, енді абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген элементтерді аяқтау қажет. Орасан зор жұмыс істелді. Келесі жылы жолаушылар сапалы жолмен қатынайды деп сенемін, - деп атап өтті ШҚО басшысы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.
Тас жол бойында бұдан басқа 18 стандартты демалыс орны, стационарлық-гигиеналық тораптар орналастыру да қарастырылған.