Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Еліміздің жоғары әскери оқу орындары курсанттарды қабылдауда

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына курсанттарды қабылдау 21 шілде мен 8 тамыз аралығында жүргізіледі

Новости Казахстана / Еліміздің жоғары әскери оқу орындары курсанттарды қабылдауда
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Бүгінде еліміздің әскери білім беру жүйесіне Алматыдағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Ақтөбедегі Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты кіреді.

Жоғары оқу орындарына түсу мерзімі заңмен белгіленген.

Осыған сәйкес, 2022 жылдың бірінші сәуіріне дейін аудандық және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар азаматтардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асырады. Бірінші мамырда аяқталған үміткерлерді алдын ала іріктеу рәсімінен кейін шақыру комиссиялары жоғары оқу орнына түсуге үміткерлерді анықтайды.

Жергілікті әскери басқару органдарында алдын ала іріктеуден өткен азаматтар құжаттарын тапсыру үшін 15-20 шілде аралығында оқу орнына келуі қажет.

Әскери институтқа қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде кәсіби-психологиялық іріктеу жүзеге асырылады. Келесі кезеңде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, түпкілікті медициналық куәландыру жүргізіледі. Үшінші кезеңде дене шынықтыру деңгейі тексеріледі. Соңынан, 5 тамызда конкурстық іріктеу және жоғары оқу орны курсанттарының құрамына қабылдау жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі 6 тамызда жарияланаып, әскери институттың интернет-ресурсында орналастырылады. Апелляцияға өтініштер келесі күні қабылданады. 8 тамыз күні әскери оқу орны бастығының бұйрығымен қабылдау комиссиясының соңғы шешімі бекітіледі.

Биыл Қазақстан армиясының әскери қызметшілерін шетелдік әскери оқу орындарында оқытуға іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді жаңа редакцияға сәйкес, шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсу үшін іріктеу ҚР Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының бірінші курсына қабылданған әскери қызметшілер қатарынан жүзеге асырылатын болады.

Курсанттар оқу кезеңінде заттай мүлікпен, тамақпен, казармада тұрумен және ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

Следующая →