ШҚО-да мектеп салуға бөлінген қаржы дұрыс игерілмей отыр
Кейбір өңірлерде мектеп салуға бөлінген бюджет қаражаты нашар игерілуде
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
2021 жылы жоспарланған 90 мыңнан аса оқушы орнына арналған 200 мектепті пайдалануға беру жоспарланса, іс жүзінде 277 мектеп салынды. 163 мыңнан астам оқушы орны ашылды. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептеуге болады. Ал осы жылға тоқталсам, биыл 214 538 оқушы орнын қамтитын 225 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.
Ғани Бейсембаевтың дерегінше, аталған мақсатқа осы жылы жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы республикалық трансферт есебінен 104 млрд теңге берілді.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысында бүгінгі күні игерілген қаржының жалпы көлемі 28 пайызды құрайды. Төмен игеру Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында орын алып отыр, - деді Ғани Бейсембаев.