Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізілмек

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдері сөз болды

Новости Казахстана / Кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізілмек
Фото:
primeminister.kz сайтынан

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 138 мың отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Мәселен, 5 айда 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй (өткен жылмен салыстырғанда 103,4%) пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін әзірледік. Ол, бірінші кезекте, азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Енді баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – Отбасы банкі, - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері туралы мәлімдеді. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылдық жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар. Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылдық жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Министрлер кабинетінің басшысы тұрғын үй-коммуналдық саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысқа назар аударды. "Е-Құрылыс" және "Е-Шаңырақ" жүйелері, сондай-ақ Қала құрылысы кадастрының порталы арқылы тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректердің бірыңғай есебі енгізіліп жатыр.

Жалпы, Әлихан Смайыловтың айтуынша, тұрғын үй саласындағы тәсілдерді топтастырып, бір ретке келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау жұмыстары басталып кетті.

Сөзін аяқтай келе, Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырма берді:

  • тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша заң жобасының барлық ережелерін Парламентпен сапалы әрі жедел пысықтау керек;
  • қажетті дерекқорлармен толыққанды интеграциялап, тұрғын үй саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді іске қосу жұмыстарын аяқтау керек;
  • баспанаға мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның жоспарланған көлемін уақытылы іске қосу үшін шаралар қабылдау керек.

Следующая →
Тақырыптар: Үкімет отырысы