Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент Қорғаныс министріне қандай тапсырма берді?

ҚР Қорғаныс министрі мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықта атқарылғған жұмыстардның қорытындысы жөнінде есеп берді

Новости Казахстана / Президент Қорғаныс министріне қандай тапсырма берді?
Фото:
Ақорданың ресми сайтынан

Ақорданың ресми сайты мәлімдегендей, Руслан Жақсылықов Қасым-Жомарт Тоқаевқа армия бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта негізгі күш-жігер басқару органдары мен жеке құрамды дағдарыс жағдайы кезінде тиімді әрекет етуге, орталық және жергілікті билік органдарымен арадағы іс-қимылдарды үйлестіруге оқыту мәселесіне бағытталған.

Президентке жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі, соның ішінде бірқатар ауқымды оқу-жаттығу жиынына қатысты екінші жартыжылдыққа жоспарланған шаралар туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, еліміздің сарбаздары халықаралық әскери ойындарға қатысады.

Қорғаныс министрі Арнаулы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуетін пайдалана отырып, армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техника түрлерімен жабдықтау, әскери инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ, кездесуде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілер арасында әлімжеттік әрекеттерді болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Президент Қарулы Күштерді кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді қамтамасыз ету және олардың жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Следующая →