Осы аптада қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді
"Қазгидромет" РМК мамандары республика бойынша 30 маусым мен 2 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның барлық аумағында күн күркіреп, 1 шілдеде шығыста, 2 шілдеде батыста жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен (атмосфераның сол биіктік деңгейінде қоршаған облыстарға қарағанда қысымы жоғары) еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы күтіледі, - делінген "Қазгидромет"РМК хабарламасында.