Шымкент мешітінің маңындағы қоқыс қайдан жиналған?
2022 жылдың қасиетті Рамазан айы басталғалы жақсы да, жағымсыз да жаңалықтар шығып жатыр. Таяуда әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы орталық мешіттің айналасында өте көп мөлшерде тамақ қалдықтарының шашылып жатқаны көрсетілген бейнежазба тарады
Бейнежазба авторы бұған мешіт қызметкерлерін кінәлайды.
Мынау не сұмдық! Имамдар мен молдалар тек намаз үйрете ме? Өздері ысырапшылдыққа жол беріп отыр. Мұнда кешкі ауызашардан қалған тамақтар шашылып жатыр. Кім жауап береді? Тіпті ана бір имам сөйлесейін десем қашып кетті, - дейді кадр сыртындағы белгісіз адамның дауысы.
Өскемен қаласының тілшісі бұл мәселеге қатысты факт-чекиң жасап, шынайы ақпаратты анықтау мақсатында Шымкент қалалық орталық мешітіне байланысқа шықтық.
Мешіттің артқы жағындағы қоқыс тастайтын жердің жан-жағының бəрі ашық. Сондықтан қоқысты мешіт айналысындағы сауда қатарлары мен клиника орталықтары, асханалар бар. Олардың барлығына ҚМДБ Шымкент қаласы бойында өкілдігі ескерту жасады. Сондай-ақ, ҚМДБ Шымкент қаласының өкілдігі бейнежазба авторының сөзімен келіспейтіндігін жеткізді. Бұл жағдайды қасақана жасалған әрекет деп айтуға да болады. Себебі ақиқатты білгісі келген адам неліктен сол мезетте мешіт асханасы мен адамдарға жолықпаған. Аталған жағдайлар бойынша ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қоқыстардың жиналып отырғандығын мәлімдейді, - дейді облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев.
Үкім: инстаграм және фейсбук желілерінде тараған аталмыш бейнежазба фейк болып табылады. Біріншіден, дауыс бейнежазбадан тыс бөлек жазылған. Екіншіден автор айтқан "қашып кетті" деген адам кадрда мүлдем көрінбейді. Сондықтан мұны тұтас бір дінді және дін қызметкерлерін қаралау үшін жасалған қасақана жұмыс деп санауға болады.