Токаревтің баспасөз хатшысы ауысты
Мемлекет басшысы бұл лауазымды Руслан Желдібай атқаратыны туралы бұйрық шығарды
Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және The University of Warwick (Ұлыбритания) бітірген.
"Қазақстан" телеарнасында редактор, "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. Осы жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли наурыз айының соңында "Хабар Агенттігі"АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.