Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Ақерке Рағызбаева
Ақпарат көзі:
tengrinews.kz

Петропавл әуежайы сатылымға шығарылды

16 наурызда Петропавл әуе айлағы сатылымға шығарылды. Өтінімдер 15 күн бойы қабылданады. Әуежайдың бастапқы құны - 5,6 миллиард теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Новости Казахстана / Петропавловский аэропорт хотят продать в частные руки
Фото:
Устинка LIVE

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет бұл ақпаратты растап, жергілікті биліктің әуежайды неге сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдағанын түсіндірді. 

Республикада 15-тен аса әуежай бар. Олардың жартысына жуығы сенімгерлік жолмен немесе мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы басқарылады. Біздің әуежай министрліктер қарамағында, яғни мемлекеттік меншікте болды (ҚР ИИДМ, ҚР ҚМ). Одан ары кәсіпорын банкротқа ұшырады, әкімдік барлық мүлікті осы кәсіпорыннан сатып алды. Енді әкімдік осы мүліктік кешенді бәсекеге қабілетті ортаға беру үшін әуежайды жекешелендіріп, сенімгерлік басқаруға беруге тырысып жатыр. Яғни, нысан инвесторды қызықтырса, онда даму және инвестициялар бойынша шарттар жасалады, сөйтіп, ол қатыса алады (сауда-саттыққа)", - деді Мақсат Баяхмет.

 Шенеунік әкімдік бюджеті есебінен әуежайды дамытуға неге көңіл бөлінбейтінін түсіндірді. 

Мүлікке қатысты қарыз жоқ. Әуе кеңістігі туралы заңнамаға сәйкес рұқсат беру құжаттарын алу қажет: лицензия, қауіпсіздік сертификаты. Мұның бәрін қамтамасыз ететін қолданушы ретінде сертификатталған болу керек. Инвестор үш жыл ішінде инфрақұрылымды 1,5 миллиардқа жақсартуы қажет", - деді әкімдік өкілі. 

 Сондай-ақ, қазіргі уақытта кәсіпорында авиациялық тәжірибесі бар мамандардың жетіспеушілігі бар, ал оларды тарту үшін жалақының бәсекеге қабілетті деңгейі қажет.

Следующая →