Осы аптаның соңында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді
"Қазгидромет" РМК мамандары республика бойынша 20-22 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктердің хабарлауынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар, сондай-ақ екпінді жел мен көктайғақ күтіледі, қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
20-22 қаңтар аралығында Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде -10°С-18°С, күндіз -3°С-11°С, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде -20°С-28°С, күндіз -12°С-20°С, оңтүстік өңірлерде температура фоны түнде -5°С+5°С , күндіз 0°С+10°с болады деп күтілуде, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.