Риддердегі өрт кезінде ер адам әзер аман қалды
Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге кірген кезде, зардап шегуші ес-түссіз күйде болған, оған дәл сол жерде алғашқы көмек көрсетілген
Риддерде көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Пәтерге бірінші болып газ-түтіннен қорғау қызметі буынының қызметкерлері кірді, олар еденде тұншықтырғыш газбен улану белгілері бар ес-түссіз күйдегі ер адамды байқады. Зардап шегушіні эвакуациялап, 1-МӨСБ өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Абылай Айдарханов пен Асхат Смағұлов оны реанимациялады: жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке тікелей емес массаж жасады, 63 жастағы зардап шегуші ауруханаға жатқызылды,-деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Құтқарушылар 11 тұрғынды эвакуациялады, олардың ішінде бала да бар.
Өртті сөндіруге тоғыз өрт сөндіруші мен үш арнайы техника қатысты, - деп толықтырды ШҚО ТЖД.
Өрттің алдын ала қойылған себебі - темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Естеріңізге сала кетейік, өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарласқаныңыз жөн.