Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Ақерке Мұқтанова
Ақпарат көзі:
Stopfake.kz

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы төмендей ме?

Қазнеттің кейбір пайдаланушылары келесі жылдан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін қосымша ақының алынып тасталатыны туралы ақпаратқа алаңдаулы

Новости Казахстана / Понизят ли зарплаты учителей в Казахстане?
Фото:
Устинка LIVE

Қазақстандықтар WhatsApp-та өткен жылы мұғалімдердің еңбекақысының 25%-ға артуы нәтижесінде оның 5%-ға төмендеуіне әкелетіні туралы хабарлама таратуда. Желі қолданушылары келесі жылдан бастап Қазақстанда жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін қосымша ақының күшін жояды деп есептейді, олар қазір 30%-ды құрайды. Фактчекерлер сайты Stopfake.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне түсініктеме алу үшін хабарласып, солай ма, соны анықтадық.

Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтардың жалақысы тағы 25%-ға көтерілетінін еске саламыз, - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ, министрлік 2020 жылы педагогтардың жалақысы 25%-ға, 2021 жылы тағы 25%-ға өскенін атап өтті. Сонымен қатар, мұғалімдерге дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақылар екі есе көбейтілді, сондай-ақ тәлімгерлік үшін қосымша ақылардың жаңа санаты пайда болды.

Следующая →