ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысын жариялады

Новости Казахстана / Ограничительные меры продлили в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №16 "Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында cоvіd-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шектеу шаралары 2021 жылғы 4 желтоқсаннан 17 желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында ұзартылды.

Қаулыға сәйкес облыс объектілері өз қызметін "Жасыл" аймақ үшін көзделген критерийлер негізінде жалғастырады.

Қаулы 4 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Следующая →