Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде фронт-кеңсе ашылды

Білікті мамандар халыққа консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді, азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу туралы хабардар етеді, ТЖ саласында өтініштер қабылдайды

Новости Казахстана / В Департаменте по чрезвычайным ситуациям ВКО открыли фронт-офис
Фото:
ДЧС ВКО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Adaldyq alańy фронт-кеңсесі ашылды. Жобалық кеңсенің жұмысы азаматтардың сенімін арттыруға, халық жүгінген кезде жеделділік пен ашықтыққа және сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін факторларды жою бойынша жаңа тәсілдерді қалыптастыруға бағытталатын болады. 

Кеңсені ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов, "Шығыс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бақыт және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Жігер Байділдин таныстырды. 

Жұмыстың жаңа форматына көшу азаматтармен диалогтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ашық нысаны болып табылады. Мұндай технологияны қолдану заманауи талаптарға жауап береді", - деп атап өтті ШҚО ТЖ департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов. 

Кеңседе азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған, сондай-ақ барлық санитарлық және эпидемиологиялық нормалар сақталған. Білікті мамандар халыққа консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді, азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу қағидалары бойынша хабардар етеді, халықтың төтенше жағдайлар саласындағы өтініштерін қабылдайды. 

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігі – біздің жұмысымыздың басты басымдықтары. Біз барлық мемлекеттік құрылымдарда "Адалдық алаңы" фронт-офистерін ашуды жалғастырудамыз. Өскеменде бұл үшінші орында",-деп атап өтті "Шығыс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бақыт. 

Біз бұл жобаны облыстың құтқарушылары да жүзеге асырғанына қуаныштымыз. Мұндай трансформация сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →