Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл соңына дейін он сейсмодатчик орнатылады

Олардың бесеуі Өскеменде, тағы бесеуі Шығыс Қазақстан аумағында орналасады

Новости Казахстана / Десять сейсмодатчиков установят до конца года в ВКО
Фото:
ДЧС ВКО

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында "Сейсмология институты" ЖШС мамандары Өскеменде "2020-2023 жылдарға арналған заманауи ғылыми-әдістемелік негізде Қазақстанның облыстары мен қалалары аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау" мемлекеттік бағдарламасы аясында орнатылатын жаңа сейсмодатчиктерді таныстырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Шығыс Қазақстан облысында кең жолақты сейсмодатчиктерді бақылаудың бес станциясы және Өскемен аумағында күшті қозғалыстарды бақылаудың бес станциясы анықталды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Сейсмодатчиктер жердің қозғалысын өлшенетін электронды сигналға айналдыру арқылы тербелістерді өлшеуге арналған.

- Өскеменнің сейсмикалық шағын аудандастыру жұмыстарының маңызды құрамдас бөлігі белсенді тектоникалық жарылымдардың орналасуын анықтау, нақтылау болып табылады. Барлық жиналған, өңделген геофизикалық, сейсмологиялық ақпараттың және жүргізілген модельдеудің негізінде ғана негізделген құрылыс саясатын жүргізу мақсатында зерттелетін аумақтардың сейсмикалық қауіптілігіне дұрыс бағалау жүргізуге болады, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Құтқару басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, датчиктер сенімді, пайдалануға және қызмет көрсетуге оңай. Жер сілкіністерін және олардың адамдар мен құрылыстарға әсерін мониторингтеу технологияларын әзірлеуде әлемдік нарықтың көшбасшысы — Kinemetrics компаниясы әзірлеген.

Өңірде барлығы 127 сейсмикалық қауіпті елді мекен орналасқан.

- Жоғарыда аталған бағдарлама аясында еліміздің өңірлері үшін, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы үшін сейсмикалық аудандастыру карталарының жиынтығын әзірлеу қарастырылған,-деп атап өтті ШҚО ТЖД.

Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →