ШҚО-да тәртіп сақшылары мас жүргізушіні тоқтатты
Ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады, сотқа дейінгі тергеу басталды
"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Риддердегі патрульдік полиция қызметкерлері 29 жастағы жүргізушіні мас күйінде ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кейін ер адамның көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылғандықтан, рульге отырғаны белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі "көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.