Синоптиктер осы аптада қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты
"Қазгидромет" РМК мамандары 11-13 қараша аралығында республика бойынша ауа райы болжамын жариялады
Солтүстік-батыс циклон еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауа райына әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклонының басып кіруімен және оның шығыс бағытқа ығысуына қарай ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі, - деп хабарлады синоптиктер.