Қазақстан Президенті Жезқазған қаласында болды
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында хабарлады
Фото:
instagram.com/berikuali
Жезқазған қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жәйрем полиметалл байыту фабрикасының жұмысына ресми бастама береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақмыс" компаниясының Жезқазған өңірінің минералдық-шикізат базасын әлеуметтік дамыту және кеңейту жөніндегі жоспарларымен танысты.
- Сонымен қатар, Президент Ұлытау ауданындағы дарынды балаларға арналған "Өркен" мамандандырылған мектеп-интернаты мен "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне баруды жоспарлап отыр, - деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Фото:
instagram.com/berikuali