Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және цифрлық даму министрлігінің ресми Telegram каналында хабарлады
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша LinkedIn компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталғанын хабарланған болатын.
Следующая →
- LinkedIn сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу дерегі анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады. Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен LinkedIn.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды, - делінген хабарламада.LinkedIn компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді, делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталғанын хабарланған болатын.
Тақырыптар:
Соцсеть Linkedin Министерство информации и цифрового развития РК Блокировка социальной сети