Алматы облысының шенеунігі 33,5 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік агенттік.
Пара "ЖШС-ны жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы деп тануға және "Бизнестің жол картасы-2025"бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынып жатқан объектіде орындалған жұмыстардың көлемін одан әрі кедергісіз қабылдауға" арналған.
Басқарма басшысымен бірге мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры ұсталды. Үшеуі де Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде, делінген хабарламада.
Следующая →
- Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан облыс аумағында нысан салу бойынша 666 млн теңгені құрайтын шарт сомасының 15% есебінен "қайтару" ретінде бұрын келісілген 90 млн теңгеден 33 500 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство хабарламасында.