Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Жезқазғанда ер адам оқушы қызға пышақ салды

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жас жігіт жасөспірім қызға пышақ салды

3 маусым күні кешке Жезқазған қалалық полиция бөліміне 14 жастағы мектеп оқушысы пышақ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Жасөспірімнің бақытына орай, алған жарақаты ауыр болмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған. Оқиға жәбірленушінің үйінің жанында болған. Оған бейтаныс ер адам таянып, кенеттен пышақ жұмсаған. Осыдан кейін шабуылшы қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 
- Учаскелік полиция инспекторлары сауатты жедел іс-қимыл жүргізе отырып, ізін суытпай күдікті – 20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол бұзақылық ниетпен жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады. Қаскүнемнің айтуынша, ол қыздармен қарым-қатынас құра алмаған және олардан кек алуды шешкен. Жас жігіт пышақпен қаруланып, кешке қарай көшеге шыққан. Оның көзіне бірінші болып аталған жәбірленуші түскен. ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Следующая →