Алматы облысында полицейлер қарасора плантациясын видеоға түсіріп алды
Көксу ауданының 38 жастағы тұрғыны өз учаскесінде құрамында есірткі бар өсімдіктердің алты мыңға жуық көшетін өсірді
Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Дәрмек" жедел-алдын алу операциясы барысында сораның тұтас плантациясын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Мәліметтер бойынша, құрамында каннабис бар өсімдікті Көксу ауданының 38 жастағы тұрғыны өзінің жер учаскесінде өсірген. Күдікті өсімдіктер жеке пайдалану үшін отырғызылғанын айтты. 5633 көшет сараптамаға жіберілді, ол олардағы есірткі заттарының құрамын растады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі "Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Следующая →