Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Жезқазған мыс балқыту зауытында өрт шықты

Зауыттың балқыту цехындағы 100 шаршы алаңдағы трансформатордың жанатын бөліктері мен майлары жанған

27 мамырда  сағат 8.53-те Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған мыс балқыту зауытынан өрт шыққаны туралы хабарлама Төтенше жағдайлар қызметіне түскен. Зауыттың балқыту цехындағы трансформатордың жанатын бөліктері мен майлары өртке оранған. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр алаңды құрап отыр. Өрттен зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қазіргі уақытта  балқыту цехында өндіріс уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

- Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 26 адам және 7 бірлік техника, сондай - ақ "Серіктес" МЕӨҚҚ ЖШС-ның 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Следующая →