Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Тәжвирусқа қарсы екпені Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген тұрғыны тегін салдыра алады
- Қарағанды фармацевтикалық кешені елорда тұрғындарын вакцинациялау үшін "Sputnik V" екінші кезеңіне арналған кезекті траншын жөнелтті. Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы 148 745 доза алады, - делінген ресми мәліметте.Баспасөз қызметі дәрі-дәрмекті тасымалдаудың маңызды шарты салқын жерде сақтау екенін атап өтті. Қазақстан тұрғындарын COVID-19-тан вакцинациялау 1 ақпанда басталған болатын. Бастапқыда Қазақстанға әкелінген ресейлік Sputnik V екпелері салынып жүрсе, 23 ақпаннан бастап ресейлік дәрі-дәрмек өнімі Қарағандыда шығарыла бастады.