БҚО-да науқас жедел жәрдем көлігін айдап әкетіп, апатқа ұшырады
Айдап әкеткен адам көлікті бірнеше метр ғана басқара алған. Басқаруды жоғалтқан ол мектеп қоршауына соғылған
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауылдардың бірінде науқас жедел жәрдем көлігін айдап кетіп, апатқа ұшырады, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәрігерлер аяғынан жарақат алған 31 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны үйіне жіберді. Бірақ пациент аурухананың жанындағы тұтану кілті ішінде қалған жедел жәрдем көлігін айдап кетпек болған. Бірақ көлік тізгініне ие бола алмаған ол мектеп қоршауына соғылды.
Следующая →

- 1990 жылы туған азаматтың мұндай оғаш әрекеті тергеу барасында анықталуы тиіс. Жүгіріп шыққан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көлікті тізгіндеген адамды дереу қуып үлгермеген. Оны апаттан кейін ғана ұстап алған. Бірақ ол жарақат алған аяғына қарамастан қашып, жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынып, қоршаудың үстінен секірген. Қазіргі уақытта келтірілген залал анықталуда, - деді полиция бөліміндегілер.