Ashyq қосымшасын қолданғысы келмеген астаналық әуежай қызметкерін ұрған
Нұр-Сұлтанда белгісіз біреу Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай қызметкеріне шабуыл жасап, жол талғамайтын көлікке мініп қашып кетті
Бұл туралы Нұр-Сұлтан әуе айлағының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, оқиға 19 мамырда болған. Тәртіп бұзған адам әуежай ғимаратына Ashyq жүйесі арқылы кіруден бас тартқан. Әуежайға ол жолаушыны күтіп алу үшін келген.
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.
Әуежай баспасөз қызметі күтіп алушыларға, шығарып салушыларға және барлық жолаушыға ғимаратқа кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылатынын ескертті.
Бұған дейін 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайы Ashyq жобасымен жұмыс істейтіні хабарланған болатын. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады.
Следующая →

- Ол Ashyq арқылы тексеруден өтпестен ғимаратқа кіргісі келді. Бірақ оны авиациялық қауіпсіздік қызметкері тоқтатты. Ер адам маска тақпаған және қызметкерге қол көтерген. Кейін ол қымбат жол талғамайтын көлігіне отырып қашып кетті. Әуежай қызметкерлері желілік полиция бөліміне арыз түсірді. Көп ұзамай тәртіпбұзушы табылды, - деді Шалекенов.