Павлодарлық азаматтың көлігінен 12 келіден астам марихуана табылды
Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны өзінің Toyota Carina автокөлігінде он келіден астам марихуана сақтаған
Павлодар тұрғынынан 12 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Арнайы операция нәтижесінде Екібастұз қаласында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды.
Следующая →
- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлісінің қызметкерлері Toyota Carina маркалы автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес затпен үш брикет пен бір полиэтилен пакет алды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі құралы болып табылады, - деді Павлодар облысы ПД-ның бастығы Нұрлан Мәсімов.Күдікті Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғынының қамауда отырғанын полиция атап өтті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.