Қазақстаннан 4,5 мың тонна ұн Қырғызстанға жеткізілді
Жеткізілетін өнімнің жалпы көлемі он мың тоннаны құрады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бішкекке Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Рапил Жошыбаев пен Қырғыз Республикасы Ауыл, орман және су ресурстары министрінің орынбасары Азамат Мұқашев қатысты.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінде атап өткендей, гуманитарлық көмек теміржол арқылы 75 вагонға барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жеткізілді. Барлығы Қырғызстанға 10 мың тонна ұнжеткізіледі.
Следующая →

- Қырғыз тарапы Қазақстан Үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды және бауырлас қазақ халқына зор ризашылығын білдіреді, - деді Азамат Мұқашев, Қырғызстанның ауыл, орман және су ресурстары министрінің орынбасары.Қазақстан Елшілігі 2020 жылдың мамырында Қырғызстанға жалпы құны 3 миллион долларға бес мың тонна ұн, ал қараша айында 400 вентилятор мен жалпы құны 0,9 миллион долларға екі миллион медициналық маска жекізгенін айта кетті.