Жамбыл тұрғыны 2 млн теңге көлеміндегі есірткі затын сақтаған
Жамбылдық полицейлер тұрғыннан екі миллион теңге көлеміндегі есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. сайты
2021 жылғы 6 мамырда түнгі сағат 02.00 шамасында Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының Тасөткел ауылынан 15 шақырым жерде “Suzuki” маркалы мотоциклін тоқтатқан.
Көлік құралын тексеру кезінде оның жолаушысы Шу қаласының 57 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 25 келіден асатын, ақ қапшыққа салынған “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді.
Көлік құралын тексеру кезінде оның жолаушысы Шу қаласының 57 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 25 келіден асатын, ақ қапшыққа салынған “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді.
- Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен тәркіленген есірткі затының 10 мың зиянды дозаға тең келетінін ескерсек, оның жолын кесу арқылы көптеген адамдардың денсаулығы мен өмірі сақталды деп айтуға болады. Күдікті аталған есірткіні сатып, үлкен пайда таппақ болған, өйткені қара нарықта кептірілген марихуананың бір келісі шамамен 80 мың теңге тұрады, - деп атап өтті Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Следующая →