Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Биыл COVID-19 пандемиясына байланысты Ораза айт мерекелік намазын бүкіл ел бойынша мешіттердің аулаларында және сақтық шараларын сақтай отырып оқуға рұқсат етілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. 
- Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді, - делінген президент құттықтауында.
Мемлекет басшысы Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейтінін, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та отандастарымызды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
- Ораза айт - бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы. Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау - барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады, - делінген Елбасы құттықтауында.
Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік мол дастарқан жайылады. Туған-туысқандар, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді.

Дәстүр бойынша бұл күні мұсылмандар бір-біріне "Ораза айт қабыл болсын!" деп жылы лебіздерін білдіреді.

Следующая →