Алматыда жол апатынан екі адам көз жұмды
Екі көлік жүргізушісі оқиға орынында мерт болса, екі көлік жолаушысы ауруханаға жеткізілді
Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, Қарасай ауданы арқылы өтетін "Алматы – Нұр-Сұлтан" тас жолында Mercedes C-класс, Mitsubishi Lancer мен "ГАЗель" соқтығысқан. Оқиға 21 сәуір сағат 18.20 болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алматы облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Следующая →
- Екі жеңіл көлік оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Екеуі де жолдың қарсы бетіне шығып, Lancer жолдың жиегіне ұшып кеткен. Ал Mercedes қатты жылдамдықпен "ГАЗель"-мен бетпе-бет соқтығысқан, - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жол-көлік оқиғасныың нәтижесінде Mercedes-тің 20 жастағы жүргізушісі және Mitsubishi Lancer-дің 27 жастағы жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған. Ал жеңіл көліктерде отырған екі жолаушы Қаскелен қаласының ауруханасына жеткізілген.